Бөбекжай-бақша бойынша күн тәртібі бағдарлама талаптарына сәйкес орындалады. Күндегі ас мәзірі құрастырылады. Бөбекжай-бақшада тәрбиеленіп жатқан балаларға үш мезгіл ыстық тамақ әзірленеді. Тамақ құрамында жылдың кез-келген мезгілінде көкөніс өнімдері мен жеміс-жидектер, сүттен жасалған тағамның барлық түрлері үзілмейді.
Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның барлық саласындағы маңызды міндет. Балабақша – біртұтас ағза іспетті, ондағы барлық қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті толық өз мойындарына алады. Балабақша аумағында орналасқан жабдықтар (шағын формалар, денешынықтыру құралдары және т. б.), балабақша ғимараты, топтық үй-жайлар мен кабинеттер жылына екі рет міндетті түрдегі тексеру актілері жасала отырып қаралады.
Медицина қызметі жоғары деңгейде. Білікті медициналық кадрмен қамтамасыз етілген. Балалар мен олардың ата-аналарына ақыл кеңестер берумен қатар іс жүзіндегі емдеу ісі де жүргізіледі. Балаларды шынықтыру шараларын бақылап, аурушаң балаларды «Д» есебіне алады. Ата-аналарға сәбилердің денсаулықтары жайлы мәлімет беріп отырады және оқу жұмыстарын уақтылы жүргізеді. Туберкулезға қарсы балаларды тексеріп отырады. Топтағы балалардың антрометриялық мәліметіне талдау жасалып отырады. Балалардың дене тәрбиесіне бақылау жасалады.
Ата-аналарды бөбекжай-бақшаға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Ата-аналарды бөбекжай-бақшаның ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, балалардың шығармашылық жұмыстарына атсалысуға шақыру,отбасы және бөбекжай-бақша ынтымақтастығын жүзеге асыруларына жағдай жасалады.